"Канелоның" спарринг қарсыласы болған қазақстандық боксшы IBF ұйымының белбеуін жеңіп алды

Сурет:vk.com/mominovboxing
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (11-0, 8 КО) карьерасындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз Қазан (Ресей) қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде 34 жастағы тәжірибелі ресейлік боксшы Вагинак Тамразянмен (17-7, 5 КО) кездесті.

Жекпе-жектің бірінші раундында Момынов нокдаунға түсіп қалды. Бірақ ол есін тез жиып, айқасты ары қарай жалғастырды. Ал алтында раундта қазақстандық боксшының өз қарсыласын нокдаунға жіберді. Дегенмен ресейлік боксшы да кездесуді ары қарай жалғастыра алды. Сөйтіп, жекпе-жек 10 раундқа жалғасты. 10 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Бұл айқаста IBF Eurasia белбtуі сарапқа салынған болатын. 

Тамразянмен өткен аталған кездесу Момынов үшін Ресей жерінде өткен бірінші жекпе-жек болды. Ол бұған дейін де жекпе-жектерін АҚШ, Аргентина және Қазақстанда өткізген. 

Айта кетейік, Момынов мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің спарринг қарсыласы ретінде көпшілікке кеңінен танылды. Ол 2017 жылы мексикалық боксшыға Геннадий Головкинмен өтетін кездесудің алдында жаттығуына көмектескен еді. 







Метки:
Жаңалықтар