"Канелоның" спарринг қарсыласы антирекорд тіркелген айқаста анық жеңіске жетті

©boxingscene.com

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін неміс боксшысы Кристиан Хаммер (26-9, 16 КО) дәл соққы жасау көрсеткіші бойынша антирекордты қайталады. 

Бұл антирекордты Хаммер кубалық Фрэнк Санческе (20-0, 13 КО) өткізген айқаста тіркеді. Жекпе-жек Голливуд (АҚШ) қаласында болды. Боксшылар он раундты түгел жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті бірауыздан Санческе берді. Орайы түскенде айта кетейік, Фрэнсис кезінде "Канело" Альварестің спарринг қарсыласы болған. 

Compubox мәліметі бойынша, бұл кездесуде Хаммер қарсыласына бар болғаны 24 дәл соққы жасаған. Осылайша, ол 2015 жылы Фрэнки Гэвинмен өткізген кездесуде тіркеген Богдан Митичтің антирекордын қайталады. 

Жалпы Хаммер жекпе-жек барысында 180 соққы жасаған. Бірақ оның небәрі 24 ғана дәл тиген. Ең көп дәл соққыны неміс боксшысы оныншы раундта жасапты. Бұл раундта оның бес соққысы дәл болған. Ал оған дейінгі әр раундта ол асып кетсе үш реттен дәл тигізіп отырған. Кездесу барысында Хаммер үш мәрте джеб соққысын дәл жасаса, 23 ауыр соққысы діттеген жеріне тиген. 

Ал Санчес 326 рет дәл ұрып, 86 соққы дәл тиген. Жекпе-жек барысында 181 джебінің 17, 145 ауыр соққысының жетпіаі тиген. Дәлдік көрсеткіші бойынша кубалық боксшы алда. Оның ұрған соққыларының 26,7 пайызы дөп тисе, қарсыласында 13,3 пайз. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар