Профи-бокс
4 мамыр 2017 12:36
 
"Канелоның" промоутері қыркүейте өтетін жекпе-жектегі қарсыластың есімін неге жасырып қалды?

  Пікірлер

blog.share

"Канелоның" промоутері қыркүейте өтетін жекпе-жектегі қарсыластың есімін неге жасырып қалды? © Bad Left Hook

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойя бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чепионы Сауль "Канело" Альварестің келесі жекпе-жегін қыркүйек айына белгілегені жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Де Ла Хойя 6 мамырда Лас-Вегас қаласында өтетін Альварес - Чавес жекпе-жегінің алдында өткізілген баспасөз конференциясында айтты. Алайда промоутер мексикалықтың келесі қарсыласы кім болатынын ашып айтпады.

Осы жағдайға байланысты BoxingNewsResults.com порталы бұған шын мәнінде үлкен негіз бар деп жазады. Олардың пайымдауынша "Канело" қыркүйекте Чавестен жеңілетін болса немесе HBO телеарнасындағы PPV (ақылы трансляциялар) көрсетілімдері жақсы жинаса ол мексикалықпен реваншқа шығуы мүмкін.

"Егер жекпе-жек 900 немесе одан да көп PPV жинаса, онда Де Ла Хойя "Канелоны" Головкинмен емес, Чавеспен қайта жұдырықтастырғанды жөн көреді. Ал Головкинді 2018 жылға дейін күттіріп қояды,"- деп жазады баслым.

Оскар Де Ла Хойяның әріптесі айтқан сөздер бұл ойды қуаттап тұр. Эрик Гоместің сөзінше, "Канело" Чавестен ұтылып қалса, Головкинмен жекпе-жек болмайды. Головкинмен келіссөздер аяқталып қалғанымен, оның болуы-болмауы мамырдағы жекпе-жектің қорытындысна байланысты.

"Канелоның" негізгі қарсыласы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) екені белгілі, екі жақтың командалары қыркүйекте жекпе-жек өткізу үшін келіссөздер жүргізіп келеді.

Альварестің өзі Чавеспен өтетін жекпе-жектен кейін, Головкин өнер көрсететін орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Қазақстандық боксшы қыркүйекте "Канеломен" жекпе-жекке шығу үшін орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен маусым айына жоспарланған кездесуден бас тартты.

Golden Boy Promotions өкілі Эрик Гомес Головкиннің командасымен келіссөздер аяқталуға жақын қалғанын және қазіргі уақытта тек Чавесті жеңу керектігін айтқан болатын. Жағдай басқаша болса Головкинмен жүргізіліп жатқан келіссөздер бекер болмақ.

Жарнама

Живи спортом!