Профи-бокс
2 шілде 2020 14:34

"Канелоның" промоутері келесі жекпе-жекке ақша жетпеуі мүмкін екенін айтты

DAZN
Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 KO) промоутері Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшының алдағы кездесуін ұйымдастыру барысында қандай қиындықтарға тап болғанын айттып, деп жазады Boxingnews24.com


"Біз "Канелоның" келесі жекпе-жегін Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткізуіміз мүмкін. Бірақ бұл нақты мәлімет емес. Себебі, T-Mobile спорт кешені жанкүйерлер үшін ашық бола ма, жабық бола ма осыны анықтау керек. Біз мұны әлі білмейміз. Егер жанкүйер болмайтын болса, бізде тіпті боксшылардың сыйақысын беруге ақшамыз жетпей қалады. Бұл үлкен және негізгі проблеммалардың бірі. 

Жекпе-жектің билеттерін сатпай біз "Канело" мен қарсыласының сыйақысын қалай береміз? Одан бөлек, жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығатын басқа боксшыларда ақша беру керекпіз. Сонымен қатар басқа да шығындар болады. Мұның барлығын билет сатпай жабу мүмкін емес", - деді Де Ла Хойя. 

Айта кетейік, бұған дейін Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшының келесі қарсыласы әлем чемпионы болатынын айтып еді. 

Айта кетейік, Альварес рингке 16 қыркүйек - Мексиканың тәуелсіздік күні шығатыны белгілі болды.Жекпе-жек Лас-Вегас, Нью-Йорк немесе Техас штатында өтуі мүмкін.