G3W6cM2euqCM4DFyCGSZFZ0RlQGDYiXIYUAYgDGq
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канелоның" промоутері Головкин-Джейкобс кездеуінің PPV сатылымына көңілі толмайтынын айтты

"Канелоның" промоутері Головкин-Джейкобс кездеуінің PPV сатылымына көңілі толмайтынын айтты
©BoxeoMundial.com
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басышысы, Сауль Альварестің жекпе-жектерін ұйымдастырушы Эрик Гомез қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэд Джейкобс (32-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жектің PPV сатылымына (ақылы трансляция) көңілі толмайтынын айтты. 

The Los Angeles Times басылымы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясындағы дереккөзге сүйене отырып жазған материалында Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің шығайы PPV сатылымы 150 мыңнан аспаған екен. Дегенмен қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер болса бұл көрсеткіш 170 мыңнан асып кетті деп мәлімдеді. 

"Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің ақылы көрсетілімінің қаралымы көңілден шықпайды. Расында, бұл керемет жекпе-жек болды. Бірақ, көрсеткіш көңілден шықпады. Жекпе-жекті жанкүйерлер үшін қолайсыз күнге қойды. Өйткені, бұл күні "Мэдисон Сквер Гарденде" баскетбол ойыны өткен еді. Бізге де біркездері көрермен жинау үшін футбол кедергі болған. Сондықтан Головкиннің командасына оның жекпе-жегін дұрыс күнге жоспарлау керек", - дейді Гомес. 

Оның айтуынша, PPV сатылымының көрсеткішіне байланысты Головкиннің өкілдерімен келіссөздерді жүргізу тәсілін өзгерту мәжбүрлеген. Бұдан былай келісөздер Головкиннің соңғы ақылы көрсетілімнен жинаған көрсеткішіне тікелей байланысты болып жүргізіледі. 

"Оскар Де Ла Хойя жекпе-жекті ұйымдастыру үшін көп жұмыс істеп жатыр. Енді "Канело" мақұлдау керек. Біз бір бітімге келіп, келіссөздерді сәтті аяқтаймыз деп үміттеніп отырмыз. Келіссөздер қиын болып жатыр. Бірақ біз бір шешімге келеміз", - дейді ол. 

Golden Boy промоутерлік компаниясының қожайыныОскар Де Ла Хойяда Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің PPV сатылымынан алдын ала жарияланған көрсеткіші керемет емес екенін айтты. Оның айтуынша, қазақстандық боксшыға "Канелоның" көрсеткішін көрсетуге әлі ерте екен. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің таратқан мәліметі бойынша Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің ақылы көрсетілімін 170 мыңнан аса көрермен тамашалаған екен. Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар