auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" орнын кім басады? Маман Головкинге лайықты қарсыластарды атады

"Канелоның" орнын кім басады? Маман Головкинге лайықты қарсыластарды атады
Геннадий Головкин. Сурет: ©Reuters
ESPN телеарнасымының маманы және АҚШ-тағы ең атақты шолушылардың бірі Дэн Рафаэль орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге  (37-0-1, 33 КО) егер оның 5-мамыр күнге жоспарланған мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі өтпей қалатын болса, кімнің лайықты қарсылас болатынын атады. 

Бұған дейін Рафаэль Головкин мен "Канело" арасындағы 5-мамырға жоспарланға екінші кездесудің дәл уақытындай өтпей қалуы мүмкін екені туралы пікір білдірді. Өйткені, екінші жекпе-жектің мәселесі "Канелоның" қанша уақытқа шеттетілітіне тікелей байланысты. Сондықтан да маман Головкин жуық арада басқа боксшымен кездеседі деп есептейді. 

Рафаэль айтуынша, Головкинге алдағы уақытта ең тиімді қарсыласы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 KO) екен. Егер бұл жекпе-жекті ұйымдастырып, Головкин жеңетін болса, онда ол абсолютті чемпион атанады. 

Маман екінші нұсқа ретінде өткен жылы наурызда отандасымыздан жеңілген америкалық Дэниэль Джейкобсты (33-2, 29 KO) айтып отыр. Америкалық боксшы Triple-G-ге 12 раунд төтеп берген бірінші боксшы атанып еді. 

Сонымен қатар бұл тізімге украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO), америкалық Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) секілді боксшылар кірген. 

Наурыз айының басында Альварестің 17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол деген тыйым салынған заттың табылғаны хабарланған. Боксшының командасы мұны желінген еттің құрамында болды деп түсіндірген. Келесі үш допинг-сынақты мексикалық АҚШ-та тапсырып, онда тыйым салынған зат табылмаған. 

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама