auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" командасы екінші кездесу өткізу үшін Головкинге шарт қойды

"Канелоның" командасы екінші кездесу өткізу үшін Головкинге шарт қойды
©:Tom Hogan – Hoganphotos/Golden Boy Promotions
Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші кездесуді әлі де ұйымдастыруға болатынын айтты. Бұл туралы ESPN Deportes басылымы хабарлап отыр. 

Гоместің айтуынша, ол үшін Головкиннің командасы ең бірінші ұсынысты қабылдауы керек. Мексикалық боксшының командасы жекпе-жектен түсетін табысты "65" және "35" пайыз көрсеткіші бөлуді ұсынып отыр. Ал қазақстандық боксшының командасы табысты тең бөлуді ұсынуда. 

"Дәл қазір екінші кездесуді ұйымдастыратын мүмкіндік жоқ. Бірақ егер бұл туралы менен дүйсенбі күні сұрайтын болсаңыз, мен ұйымдастыруға жақын деп айтар едім. Бірақ Головкиннің командасы берген жауаптан кейін жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігі төмендеп кетті. Сондықтан біз басқа қарсылас іздестіріп жатырмыз. 

Саульге қарсылас болатын боксшылар көп. Олардың қатарында Даниэль Джейкобс және шілде айында белбеуін қорғайтын Билли Джо Сондерс, жермалл Чарло, Давид Лемье және Гэри О'Салливан бар. Головкинге қарсы шығатын боксшы бар. Ол міндетті қарсылас - Сергеем Деревянченко. Егер GGG онымен кездескісі келсе, біз кедергі болмаймыз. 

Мұндай жекпе-жектің жарнамасын жасау үшін біраз уақыт керек. Ал олар алты апта жоғалтып алды. Қазіргі уақытта Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру мүмкіндігі нөлге тең. Сол үшін біз басқа боксшылармен келіссөз бастаймыз. Бірақ Леффлер мен Головкин бізге бүгін немесе ертең қайта келіп, бұрынғы ұсынысты қабылдайтын болса, жекпе-жекті әлі ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Біз 15 маусымға дейін келесі қарсыласым белгілі болғанын қалаймыз. Сондықтан қазірдің өзінде біз басқа боксшылардың промоутерлімен келіссөз бастадық", - дейді Гомес. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек еді. Бірақ кездесуге екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді. Ал жекпе-жек өтпейтін болды.

Содан соң Головкиннің командасы тез арада басқа қарсылас қарастырып, дәл сол күні Карсон (АҚШ, Калифорния штаты) қаласында Ванес Мартиросянмен кездесті. Бл кездесуде қазақстандық боксшы қарсыласы екінші раудта-ақ нокаутқа түсірді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама