Райдердің айтуы бойынша, оның промоутері Эдди Хирн Golden Boy Promotions басшыларына хабарласып, қыркүйек айында кездесуге дайын екенін айтыпты.
"Эдди Golden Boy басшыларына біздің дайын екенімізді айтып хат жібергенін білемін. "Канелоның" командасы бірнеше боксшылармен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ, оған қарсы мен шығамын деп үміттенемін.
Бұл кездесуден үлкен ақша түспейтінін білемін. Алайда, бұл кездесу мен үшін жақсы мүмкіндік. Оны мен пайдалануға да дайынмын. Қазір жаттығу залындамын. Жақсы бабымдамын деп те айта аламын. Каратинде толық жаттықтым. Тек қоңырау шалыңыздар. Мен дайынмын" - деді Райдер.
Айта кетейік, Райдер соңғы рет шаршы алаңғы 2019 жылдың қараша айында шығып, төрешілердің шешімі бойынша Каллум Смиттен жеңілді. Дәл сол уақытта "Канело" да Сергей Ковалевқа қарсы кездесу өткізіп, төртінші салмақта әлем чемпионы деген атақты жеңіп алды.
Райдерден бөлек Эдди Хирн орта салмақтағы IBF және IBO тқжырымдарының чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен де жұмыс істейді. Промоутердің бұған дейін айтқан ақпараттарына сенер болсақ, отандасымыз шаршы алаңға күзде оралады екен.