Профи-бокс
9 мамыр 2022 13:00

"Канелоның" келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

©Matchroom

Танымал промоутер Эдди Хирн ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы екінші кездесудің қашан өтетінін айтты. Бірақ екінші жекпке -жекті өткізу үшін алдымен "Канело" келісім беру керек екен, деп жазады Vringe.com порталы. 

"Менің ойымша, "Канело" екінші кездесуді өткізгісі келеді. Мен оның қандай адам екенін білемін. Оның үстіне екінші кездесуді жанкүйерлер талап етіп отыр. Енді не боларын күтейік. Егер Альварес екінші кездесуді өткізгісі келсе, біз оны 17 қыркүйек күні ұйымдастырамыз", - деді Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы. 

Негізі әу баста 17 қыркүйек күні "Канело" мен қазақстанды Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші кездесу өтеді деп жоспарланды. Бірақ Биволдың жеңісінен кейін бұл жоспар өзгеріп кетті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport