Профи-бокс
15 қаңтар 2022 14:19
 

"Канелоның" қарсыласы келесі аптада анықталады. Ол Головкин болуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

"Канелоның" қарсыласы келесі аптада анықталады. Ол Головкин болуы мүмкін ©usatoday.com

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) қарсыласы келесі аптада анықталады. Бұл туралы функционер DAZN сервисінің тікелей эфирінде айтты, деп жазады vRINGe.com порталы. 

blog.share

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) қарсыласы келесі аптада анықталады. Бұл туралы функционер DAZN сервисінің тікелей эфирінде айтты, деп жазады vRINGe.com порталы. 

"Канелоның" келесі жекпе-жегі 7 мамырға жоспарланған. 

Хирннің айтуынша, Альварес келесі аптада өзінің бапкері әрі менеджері Эдди Рейносомен кездесіп, қарсыластың кім болатынын анықтайды. 

Промоутер "Канелоның" қарсыласы нақты кім болатынын білмейді. Дегенмен ол ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Илунгу Макабу (28-2, 25 КО) болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ ол үшін Макабу 29 қаңтар күні Табисио Мчунуды жеңуі керек. 

DAZN оқырмандарынан Головкиннің болашақ қарсыласы жайлы пікірін білді

"Сауль қазір Майамиде демалып жатыр. Оның бірнеше видеороликтерін көрдім. Жақсы демалуда. Келесі аптада ол бапкерімен кездесіп, келесі қарсыластың кім болатынын анықтайды. Үміткерлер көп. 

Иә, ол Джермалл Чарломен де кездесуі мүмкін. Сонымен қатар, 76,2 келіде де жақсы қарсыластар бар. Оның үстіне Головкинмен мәселе әлі аяқталмады", - деді Хирн. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" осыған дейін екі мәрте кездесті. 2017 жылғы айқас тең аяқталса, 2018 жылы Альварес жеңіске жеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!