auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канелоның" бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды

Альварестің бұған дейін екі допинг-сынағы оң нәтиже берсе, екеуі теріс нәтиже берген болатын.

"Канелоның" бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды
Сурет ВКонтакте желісінде Геннадий GGG Головкин" тобынан алынды.
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткізетін кездесуі алдындағы бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Еске салайық, Канелоның" бірінші допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат 6-наурыз күні шықты. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Кленбутерол дәрумені екі бірдей допинг-тесттен оң нәтижесін берді ол кезде. 

9-наурыз күні мексикалық боксшының тағы екі допинг-сынамасының қорытындысы шығып, оның нәтижесінде боксшының қанына кленбутерол және басқа дәрумендер табылмады. 

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, Альварес 9-наурыз күні тағы бір допинг-текстін тапсырыпты. Бірақ бұл жолы Сан-Диего қаласында. Оның қорытындысы сейсенбі күні шығып, ешқандай дәрумен табылмаған. 

"Мен жүз пайызға бірінші допинг-сынақтың оң нәтиже берген кездейсоқ екеніне сенімдімін", - деп келтіреді Гоместің сөзін ESPN телеарнасы. 

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Екі боксшының допинг-сынақтарын VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады.





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар