"Канелоның" бапкері мексикалықтың келесі қарсыласы туралы ақпаратпен бөлісті

©globallookpress.com

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварестің бапкері Эдди Рейносо мексикалықтың келесі жекпе-жегі және қарсыласы туралы ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, боксшының келесі айқасы туралы ешқандай ақпарат жоқ екен. 

"Баршаңызға қайырлы күн. Альварестің келесі кездесуіне байланысты айта кетейін. Біз ешқандай промоутермен де, ешқандай қарсыласпен де келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Жекпе-жектің уақыты да белгісіз. Келесі аптада нақты жаңалықтар болып қалады", - деп жазды Рейносо Твиттер парақшасында. 

"Канело" Альварестің" мамыр айында кіммен жұдырықтасатыны анықталды

Еске салайық, бұған дейін мексикалықтың қарсыласы әлем чемпионы Джермалл Чарло болады деген ақпарат шыққан еді. 

Айта кетейік, Альварес соңғы кездесуін америкалық Калеб Плантқа қарсы өткізіп, әлемнің абсолют чемпион атанған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар