auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоны" нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеулерімді сақтап қалғым келеді - Головкин

"Канелоны" нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеулерімді сақтап қалғым келеді - Головкин
Орта салмақғы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ESPN арнасындағы A Los Golpes бағдарламасында Сауль "Канело" Альваресті (49-1-1, 34 КО) нокаутқа түсіргісі келетінін айтты. 

"Мен кәсіпқой бокстағы карьерамның басынын бастап-ақ орта салмақта өнер көрсетіп келемін. Сондықтан да бұл салмақта менің тәжірибем көп.  Ал "Канело" болса орта салмаққа жуырда ғана ауысты. Дегенмен осы салмақта өткізген соңғы кездесулерін ол жақсы өткізді.  Бірақ маған қарсы оны мүлде басқа жағдай күтіп тұр. Мен орта салмақтың чемпионымын. Сонымен қатар "Канелоның" бұрынғы қарсыластары секілді кішкентай емеспін. Саульдің соңғы қарсыласы кіші Чавесті де мықты деуге келмейді. Себебі, ол мұндай үлкен жекпе-жек өткізу үшін көп уақыт жұмсады. Ал мен соңғы жылдары үнемі чемпиондық белбеуімді қорғап жүрмін. 

"Канелоға" қарсы нағыз чемпиондық жекпе-жек болады. Мен бұл кездесуді нокаутпен жеңгім келеді. 

Менің Джейкобспен өткізген кездесуім туралы әңгіме көп айтылып жүр. Бірақ ол кездесудің әңгімесі бір бөлек. Иә, мен ол кездесуде карьерамда бірінші рет төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Дегенмен қазіргі жағдай мүлде бөлек. "Канело" өте қауіпті қарсылас. Мен оны жеңгім келеді. Өйткені, Golden Boy бұл кездесуді ұйымдастырғысы келмеді. Соңғы екі жылдың ішінде әр-түрлі алып қашпа әңгімелер болды. Сол үшін де мен үшін  "Канелоға" қарсы өтетін кездесу қызық та болмай қалған еді. Алайда біз жекпе-жекті өткізу үшін келісімге келдік. Енді мен оны нокаутпен жеңіп, чемпиондық атақтарымды ұзақ уақыт сақтап қалуым керек", - дейді Головкин. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама