"Канеломен" үшінші жекпе-жекті мен де асыға күтіп жүрмін - Головкиннің бапкері

Сурет: DAZN
Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бапкері Джонатан Бэнкс қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші кездесу туралы айтты, деп хабарлайды Sky Sports

"Мен трилогияны күтіп жүрген фанаттардың бірімін. Олардың бұған дейінгі кездесулері туралы көп мәліметтерім бар. "Канело" да әр кездесуіне әртүрлі өзгерістер енгізіп отырады. Сол үшін үшін кездесу "былай өтеді" деп айта алмаймын. 

Өткен айқастарды қарау әрине пайдалы. Бірақ, ол жекпе-жектердің тактикасына қатып қалмау керек. Өйткені, қазір олардың дайындықтары басқаша. Алдыңғы кездесулерді қарап отырып, болашақтағы жекпе-жекке жоспар құра алмайсың", - деді Бэнкс. 

Бұған дейін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Альварес пен Головкин арасындағы кездесу келесі жылы өтетінін айтқан болатын. Қазіргі уақытта үшінші кездесуді ұйымдастыруға екі боксшының да командасы ниетті. 

Айта кетейік, Альварес пен Головкин арасындағы бірінші кездесу 2017 жылдың қыркүйек айында өтіп, тең аяқталды. Ал былтыр бұл боксшылар екінші рет кездесті. Ол кезде "Канело" жеңіске жетті. 

Бұл кездесулерде Головкин Абель Санчестің қол астында жаттықты. Бірақ, 2019 жылдың сәуір айында отандасымыз бапкерін ауыстырды. Оның жаңа бапкері Джонатан Бэнкс болды. 

Бэнкстің бастамасымен ол екі кездесу өткізді. Тарқатып айтсақ, 2019 жылы Стив Роллсты нокаутқа жіберсе, дәл сол өткен жылдың қазан айында Сергей Деревянченконы төрешілер шешімі бойынша ұтты. 






Жаңалықтар