"Канеломен" қазір кездеспейді. Маман Ербосынұлының болашағы туралы айтты

©Suleimen Promotions

Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасу мүмкіндігі төмен. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында WorldBoxingNews порталының редакторы Фил Джей айтты. 

"Бұл боксшыға назар аударуға болады. Ол өз салмағында үздік боксшылардың қатарында. Болашағы да зор деп айтар ем. Соңғы кездесуін айқын басымдықпен жеңді. Негізі чемпиондық кездесуге шығу мүмкіндігі әр боксшыда бар. Менің ойымша, Айдосқа әлі шыңдалу керек. Ол жақын арада "Канелоға" қарсы кездесу өткізе алады деп айта алмаймын. Себебі, Ербосынұлы Альарестің назарын аударатын боксшы емес. Мүмкін үш-төрт жылдан кейін шығар. Бірақ қазір бұл боксшылар кездеспейді", - деді маман. 

Еске салайық, Ербосынұлы соңғы кездесуін 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, гайаналық Аллен Ленноксты (22-2-1, 14 КО) нокаутпен жеңді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар