auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канеломен" жұдырықтасқаннан кейін ауруханаға түспесем, Лас-Вегастағы кешкі сауыққа барамын - Головкин

"Канеломен" жұдырықтасқаннан кейін ауруханаға түспесем, Лас-Вегастағы кешкі сауыққа барамын - Головкин
© witter.com
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте Power 106 FM радиосындағы TheCruzShow бағдарламасының қонағы болды. Боксшы эфирде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен 16 қыркүйекте болатын жекпе-жекке қатысты сұрақтарға жауап берді.

- Мен ашпын десе болар, осы жекпе-жекке жету үшін екі-үш жылымды жоғалттым. "Канелоны" да, менің стилімді де барлығы біледі. Сондықтан 16 қыркүйекті бәрі күтіп отырған болар. Бұл кеш мексикалық жанкүйерлер үшін ғана емес, бокс сүйер қауымның баршасы үшін үлкен сый болады деп үміттенемін. Боксты бұрынғы деңгейіне жеткіземіз.

Қазір "Канеломен" доспын, бірақ, шаршы алаңда нағыз шайқас болады. "Канелоны" сыйлаймын, көптен бері танимын. Ол алдына келгендерді сұлатып, өзіне жол салды. Екеуміз де кәсіпқоймыз.

"Канело" жағынан ең үлкен қиындық дейсіз бе? Меніңше, оның жасы. Менің орта дивизионда тәжірибем бар, ал жастау. Бірақ екеуміз де бұл жекпе-жекке асықпыз және жағдайды түсінеміз. Жеңімпаз pound-for-pound тізімінде бірінші, әлемнің үздігі атанады. Бұл біз үшін өте қызықты жекпе-жек. Мүмкіндіктеріміз 50-ге 50 деп ойлаймын.

- "Канеломен" жекпе-жектен кейін бокстан кетуің мүмкін екені айтылып жатыр. Бұл рас па?

- Қазір емес, бірақ мүмкін. Егер бұл жекпе-жек өте ауыр болса. Менің отбасым осыны әрбір жекпе-жектен кейін сұрайды. (күледі) Бірақ бұл менің жеке ісім. (күледі)

- Жекпе-жектен кейін Лас-Вегастағы уақытыңды қалай өткізесің, Мексиканың тәуелсіздік күнін тойлайсың ба?

- Бұл менің сырым. (күледі)

- Достар ортасындағы кеш, музыка, түнгі клубтар?

- Иә, жүз пайыз. егер ауруханаға түсіп қалмасам, кешкі сауыққа барамын.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама