"Канеломен" жекпе-жекте белбеуінен айырылған америкалықтың қарсыласы анықталды
©instagram.com/calebplant
Екінші орта салмақта IBF белбеуінің бұрынғы иегері америкалық Калеб Плант (21-1, 12 КО) шаршы алаңға 15 қазанда қайта оралады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Екінші орта салмақта IBF белбеуінің бұрынғы иегері америкалық Калеб Плант (21-1, 12 КО) шаршы алаңға 15 қазанда қайта оралады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
BoxRec ақпараты бойынша, Планттың қарсыласы Диррелл (34-2-2, 25 КО) болады. Бұл кездесу 12 раундқа жоспарланған. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ) өтеді.
Айта кетейік, Плант өзінің чемпиондық белбеуінен 2021 жылдың қараша айында Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) өткен кездесуде айырылған болатын.
Жарнама