auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канеломен" Головкиннен бұрын мен жекпе-жек өткізуім керек - Қанат Ислам

"Канеломен" Головкиннен бұрын мен жекпе-жек өткізуім керек - Қанат Ислам
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам worldboxingnews.net  порталына берген сұқбатында Геннадий Головкин және  Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек туралы сондай-ақ алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

"Головкинмен жекпе-жекке қатысты сауалды мен көп естіп жүрмін. Мен Генаны досым ретінде, чемпион ретінде, ағам ретінде қатты сыйлаймын. Ол көк туды желбіретіп жүрген қазақтың батыры. АҚШ-та, Мексика мен Ұлыбританияда түсінік бөлек, қазақ елінде түсінік басқа. Біздің ел үшін атақтан бұрын бауырмалдық бірінші орында тұрады. Головкин екеуміз бір-бірімізді сабағанша, ол өз салмағында мен өз салмағымда чемпион болу әлдеқайда артық деп ойлаймын. 

Геннадий Головкин қазір әлемге әйгілі боксшы. Оған тек қазақстандық жастар емес, әлем жастары еліктейді. GGG қарсыласын бірінші раундта-ақ рингке шыққанына өкіндіретін өте талантты боксшы. Өз салмағында Генаға шақ келетін қарсылас жоқ. Иә, ол өз салмағының патшасы!", - дейді Қанат Ислам. 

Сондай-ақ отандасымыз Қазақстанда қазір жоғары деңгейлі бокс кештерін ұйымдастыруға мүмкіндік бар екенін де айтып, Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыру туралы пікір білдірді. 

"Қазір Қазақстанда 10,20,30 және 40 мың жанкүйерді құшағына сыйдыра алатын спорт кешендері бар. Головкиннің қатысуымен өтетін жекпе-жек кешін EXPO-2017 кезінде ұйымдастыруға болатын еді. Бірақ олай болмайтын шығар. Өйткені, Головкиннің өз жоспары бар. 

Әрине, Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін мен де қалаймын. Бұл жанкүйерлер үшін үлкен сый болар еді", - дейді боксшы. 

Сұқбатының соңында боксшы алдағы жоспарлары туралы айта кетіпті. 

"Алдағы уақытта "Канеломен" Головкиннен бұрын мен жекпе-жек өткізуім керек. Өйткені, ол біздің салмақтың чемпионы. Соңғы жекпе-жегімнен кейін мен Саульді жекпе-жекке шақырдым. Ол Чавеспен кездесіп болғаннан кейін менің шақыртуымды қабыл алатын шығар. 

"Канело" мен Головкиннің арасындағы кездесуді көптеген жанкүйерлер күтіп отыр. Егер екі боксшының командасы жекпе-жек туралы келісімге келсе, мен GGG-дің жеңіске жететініне сенімдімін. Өйткені, ол шынында мықты боксшы", - дейді Ислам. 

Еске салайық, Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 мамыр күні Флорида (АҚШ) қаласында өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болады. Бұл жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA intercontinental белбеулері сарапқа салынады.








Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама