Профи-бокс
4 сәуір 2017 10:24
 
"Канелоға" қарсы жекпе-жек үшін Головкин қанша сыйақы алады?

  Пікірлер

blog.share

"Канелоға" қарсы жекпе-жек үшін Головкин қанша сыйақы алады? ©Twitter.com

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) командалары арасындағы келіссөздің қаржылық тұстары белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Канелоның" жұмыстарымен айналысатын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы қыркүйекте өтуі мүмкін деген жекпе-жекте Головкинге нақты белгіленген сыйақы беретінін айтқан еді. Алдымен олар қазақстандық боксшының сыйақысы 10 миллион доллар болады десе, кейін ол сыйақының көлемі 15 миллион долларға жетті. Өз кезегінде Головкиннің командасы бұл жекпе-жектен нақты сыйақы емес, кездесуден түскен табысты пайыз бойынша бөліп алуды талап етті. 

Дегенмен Головкиннің америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе-жегінде тіркелген төмен ақылы көрсетілім (PPV сатылым) көрсеткішінен кейін (олардың жекпе-жегі 170 мың көрермен жинады) "Канелоның" промоутерлері өздерінің бірінші ұсыныстарын кері қайтарып алды. Кейін жекпе-жектен түсетін пайданы пайыз бойынша бөліп алатынын айтты. 

Golden Boy Головкин мен "Канело" жекпе-жегінің PPV көрсетілімі де олар күткен нәтижені көрсетпей қала ма деп қауіптеніп отыр. Сондықтан олар қазақстандық боксшыға үшін нақты белгіленген сыйақы беруден қашып жатыр енді. Олардың біздің отандасымызға ұсынған ұсынысы 75 пайыз табыс "Конелоға" тиісілі, 25 пайыз Головкинге тиесілі болып отыр. 

Өз кезегінде Головкиннің промоутері Том Леффлер табысты 60 та 40 пайызбен, "Канелоның" пайдасына бөлісіп алуды айтты. Дереккөздің мәліметі бойынша, Golden Boy "65" те "35" пайызға келісуі мүмкін екен.

Жарнама

Живи спортом!