KmtxhcRscIS5b38nYuvO9SZBTFo77r0z9RWtZRrt
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канелоға" қарсы жекпе-жек үшін Головкин 100 миллион доллар сыйақы алуы мүмкін

"Канелоға" қарсы жекпе-жек үшін Головкин 100 миллион доллар сыйақы алуы мүмкін
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин орта салмақтағы WBA(Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) Астанада өтуі мүмкін деген жекпе-жегіне байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Головкиннің командасы Қазақстанға сол күйі келмеді. Сондықтан да Головкин Астанада жекпе-жек өткізбейтін шығар деп ойлаймын. Герман (боксшының менеджері) Головкин қазір "Канеломен" жекпе-жек өткізуге дайындалып жатқанын айтты. Оның командасы "Канеломен" келіссөз барысында жақсы сыйақыға келісті деген мәліметті естедім. Тіпті Головкиннің сыйақысы 100 миллон доллар болуы мүмкін деген мәлімет бар. Сондықтан да олар Сондреспен кездесуден бас тартып отыр. Өйткені, Сондерспен кездесетін болса, Головкин жарақат алып қалуы ықтимал ғой. Егер жарақат алатын болса, Альвареспен жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келеді. 

Yahoo! Sports порталының  журнлисі Крис Мэнникс те өз дерек көзіне сілтеме жасап, Головкин-Сондерс жекпе-жегі маусым айында өтпейтінін айтқан. Мұның орнына Головкин бар назарын "Канеломен" жекпе-жекке салып отыр. Ал мексикалық боксшының промоутерін бұл жаңалық қуантты. ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль де Сондерспен жекпе-жек болмайды деп хабарлады. 

Ал Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель британиялық Билли Джо Сондерс пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек мүлде болмайтынын айтты. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар