"Канело" тайқып кетсе, Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесуге дайын - Эдди Хирн
Джейкобс және Хирн. Сурет: boxingscene.com
Дэниэль Джейкобстың (33-2, 29 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын атақты британдық промоутер Эдди Хирн америкалық боксшы америкалық боксшының алдағы уақыттағы жоспарларын айтып берді.
Сенбі күні Джейкобс Нью-Йорк қаласында төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша отандасы Луис Ариастан (18-1, 9 КО) үстем түскен еді. Бұл америкалық боксшы үшін орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеуі бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өткізген кездесуден кейінгі бірінші жекпе-жегі еді.
Хирннің айтуынша, Джейкобс енді шаршы алаңға сәуір айында оралады екен. Сонымен қатар промоутер егер Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуі өтпей қалса, Джойкобс қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.
"Джейкобс келесі кездесуін сәуір айында өткізеді. Шамамен "Синко де Майо" (5 мамыр) мерекесінің алдында шаршы алаңға шығады. Біз қазір Barclays Center спорт кешені мен НВО арнасымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің қарсыласымыз Лемье ме, "Канело" ме, Головкин болады ма бәрібір. Мен өткен аптада Том Леффлерге (GGG-l34 промоутері) егер "Канело" тайқып кетсе, Джейкобс күзде Головкинмен кездесуге дайын екенін айттым. Бірақ біз ешкімнің ізіне түсіп, қуып жүмейміз", - деп келтіреді Хирннің сөзін Boxingnews24.com порталы.
Ал Джейкобстың өзі болса орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс пен канадалық Давид Лемье арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Америкалық боксшы сонымен қатар Канада барып, бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшыға арнайы шақырту жасайтынын айтты.

Жарнама