Профи-бокс
20 наурыз 2018 15:48
 
"Канело" шынымен айқын басым болса, Головкиннің қартайғанын мойындаймын - Санчес

  Пікірлер

blog.share

"Канело" шынымен айқын басым болса, Головкиннің қартайғанын мойындаймын - Санчес Tom Hogan/Hogan Photos/Golden Boy Promotions

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін кездесудің алдында қазақстандық боксшының қартайып жатыр деген әңгімеге байланысты пікірін білдірді. 

"Білмеймін. Мен жаттығу залында бұрынғы Головкинді көріп жүрмін. Әрине, біз қазір сегіз жыл бұрынғыға қарағанда басқаша жаттығу жасаймыз. Өйткені, Геннадий есейді. Дегенмен мен егер "Канело" шынымен айқын басым болатын болса ғанан Головкин қартайғанын мойындаймын. Бірақ әзір "Канелоны" қоса есептегенде ешкім әлі Головкиннен айқын басым болмады. Головкиннің залдан шаршағанын көрсем, шынымен қартайғанын айтамын деп уәде беремін. 

Маған ең бастысы - Головкиннің жақсы жекпе-жек өткізуі. Егер одан қайсібір боксшы үстем түсетін болса, шындыққа тура қараймыз. Бірақ жекпе-жек тең теңдей өтіп, шешімді төрешілер өз ыңғайына қарап шығаратын болса, онда ол кәсіп", - дейді Санчес On The Ropes Boxing Radio берген сұқбатында. 

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Жарнама

Живи спортом!