Профи-бокс
3 сәуір 2018 13:06
 
"Канело" шеттетілетін болса Головкиннің О'Салливанмен кездесетіні белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

"Канело" шеттетілетін болса Головкиннің О'Салливанмен кездесетіні белгілі болды Гэри О'Салливан. Сурет: irishpost.co.uk

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг дауына байланысты шеттетілетін болса орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ZonaESPN порталы. 

Порталдың мәліметі бойынша, "Канело" шеттетілген жағдайда Головкин 5-мамыр күні Лас-Вегаста ирландиялық Гэри О'Салливанмен (27-2, 19 КО) кездеседі екен. 

Жекпе-жектің өтетін орны сол Лас-Вегастағы T-Mobile болып қала береді деп жазады портал. Кездесуді НВО арнасы PPV жүйесі бойынша көрсетеді. Бұл кездесудің ақылы көрсетілімі де арзан болуы ықтимал екені айтылады. Себебі, О'Салливанның АҚШ жерінде жанкүйерлері көп емес. 

Еске салайық,  қазіргі уақытта Головкиннің промоутері Альвареспен жекпе-жек өтпей қалатын жағдайға дайындалуда. Том Леффлер бірнеше боксшының командасымен келіссөз жүргізіп жатыр. Сол үшін де отандасымыздың командасы 5-мамыр күні Лас-Вегаста белгіленген жекпе-жектің өтетін орнын ауыстыру үшін өтініш білдірген.

Жарнама

Живи спортом!