"Канело" салмағында Қазақстаннан шыққан чемпион кім болатыны айтылды
Жеңіл салмақта WBA International белбеуінің иегері Евгений Павлов (8-0, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы жекпе-жек туралы пікірін білдірді.

Ербосынұлы мен Моррел арасындағы 12 раундтық кездесу 5 қараша күні Миннеаполис (АҚШ) қаласында өтеді.
"Менің ойымша, Айдос жеңіске жетеді. Ол Лас-Вегаста жатпай-тұрмай жаттығып жатыр. Оның жанында мықты команда бар. Ол өте тәжірибелі боксшы. Соққысы мықты. Жанкүйер боламыз. Ол белбеуді иеленуі керек", - деді Павлов.
Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы мәрте шаршы алаңға өткен жылы күзде шығып, Астана қаласында гайаналық Леннокс Алленнен (22-2-1, 14 КО) айласын асырды.
Жарнама