Профи-бокс
18 мамыр 2022 13:02

"Канело" реваншта да жеңіледі. Белгілі промоутер Бивол - Альварес қарымтасы жайлы

©boxingscene.com

Mayweather Promotions промоутерлік компаниясының бас директоры Леонард Эллерби мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) арасындағы екінші кездесуге болжам жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Эллербидің пікірінше, екінші кездесу "Канелоға" ыңғайлы (екінші орта) салмақта өтсе де, мексикалық Биволды жеңе алмайды екен. 

"Жоқ, "Канело" Биволды жеңе алмайды. Екінші орта салмақта да Альварес ұта алмайды. "Канело" не істесе де, Бивол бәрібір одан ірі. Екінші айқаста ол қарап тұрмайды. 

Биволдың тәжірибесі көп. Ол Сауль құрған тұзақтарды сезе алады. Сонымен қатар, таймингі мен джебі мықты. Ресейлік боксшы мықты әрі ірі. Бірінші кездесуде "Канело" ара-қашықтықты қысқартуға тырысты. Бірақ кездесу барысында ол қатты шаршап қалды. Осы мүмкіндікті Дмитрий жақсы қолданды. Біз боксты жақсы білеміз ғой. Сондықтан да екінші кездесуде де Бивол үстем түседі", - деп келтіреді промоутердің сөзін Fightnews.info порталы. 

Еске салайық, бірінші кездесуде "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. Бұл оның карьерасындағы екінші жеңіліс болды. Жекпе-жектен кейін ол бірден реванш сұрады. Бивол болса бірден келісті. Бірақ ресейлік екінші жекпе-жекке өзінің шарттары да бар екенін айтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport