auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" немесе Головкинмен кездескіміз келген. Бірақ олар екінші кездесу өткізетін болды. Ендігі мақсатымыз - Сондерспен кездесу - Джейкобстың менеджері

"Канело" немесе Головкинмен кездескіміз келген. Бірақ олар екінші кездесу өткізетін болды. Ендігі мақсатымыз - Сондерспен кездесу - Джейкобстың менеджері
Дэниэл Джейкобс. Сурет: badlefthook.com
Орта салмақта әлемнің бұынғы чемпионы Дэниэль Джейкобстың (33-2, 29 KO) менеджері Кит Коннолли BoxingScene.com порталына берген сұқбатында америкалық боксшының алдағы уақыттағы мақсаттары туралы айтып берді. 

Бұған дейін Джейкобс келесі кездесуін 28 сәуір күні Barclays Center (Бруклин, Нью-Йорк, США) өткізетіні белгілі болған еді. Бұл кездесуді НВО арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал америкалық боксшының қарсыласы ирландиялық Гэрри О'Салливан (27-2, 19 КО) болатыны айтылды. 

"Дэнни "Канело" немесе Головкинмен жұдырықтасқысы келді. Бірақ олар екінші кездесуді өткізетін болды. Сондықтан келесі қарсыласты таңдау кезінде біздің үш немесе төрт үміткеріміз бар. Олардың барлығы да мықты боксшылар. Керемет жеңіске жеткен. Барлығы да Джейкобс үшін жақсы қарсылас болар еді. 

Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізу - біздің басты мақсатымыз. Бірақ ол Дэннимен кездескісі келмейтіні анық. Сондай-ақ біз басқа боксшылардың да жауабын күтіп отырмыз. Олардың бірі - жуырда керемет нокаутпен жеңіске жеткен О'Салливан. Егер ол бізбен кездескісі келетін болса, өзіне лайықты сыйақыны сұрауы керек. Кері жағдайда біз басқа ұсыныстардың бірін қарастыратын боламыз", - дейді Коннолли. 

О'Салливан желтоқсан айында америкалық Антуан Дагласпен (22-2-1, 16 КО) кездесіп, нокаутпен жеңіске жеткен еді. Олардың кездесуі Канадада Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен Давид Лемье (38-4, 33 КО) арасындағы жекпе-жектің андеркартында өтті. Басты кездесуді британдық боксшы жеңіске жетіп, WBO белбеуін сәтті қорғап қалды. 

Джейкобс болса 2017 жылы екі кездесу өткізді. Алдымен ол 18 наурыз күні орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеуінің иегеі қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалса, содан соң отандасы Луис Ариастан (18-1, 9 КО) үстем түсті. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама