"Канело" ма? Мұхаммед Әлидің немересі әлемнің үздік боксшысын атады

©instagram.com/nicoaliwalsh/

Даңқты америкалық боксшы Мұхаммед Әлидің немересі, бүгінде өзі кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген Нико Али Уолш (4-0, 3 КО) Twitter парақшасында қазіргі уақытта әлемдегі ең мықты боксшының кім екенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Али Уолш мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 KO) түскен суретін салды. 

"Менің заманымдағы ең үздік боксшы", - деп жазды ол. 

Еске салайық, Қазақстан уақыты бойынша 8 мамыр күні Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) қаласында "Канело" жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволмен кездесу өткізеді. Егер мексикалық боксшы бұл кездесуде жеңіске жетсе, қыркүйек айында ол Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет кездесуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар