"Канело" ма? Бенавидестің келесі қарсыласы белгілі болды

©dazn.com

Суперорта салмақта (76,2 кг) әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Давид Бенавидес (26-0, 23 КО) шаршы алаңға 2023 жылдың қаңтарында қайта оралады. Бірақ бұл жолы да мықты қарсыласқа қарсы емес, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Танымал бокс шолушысы Майк Коппинджердің ақпараты бойынша, екінші орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпиондық белбеуі бар Бенавидестің қарсыласы Венесуэла елінің өкілі Хосе Ускатеги (32-4, 27 КО) болады. 

Негізі бұл боксшылар былтыр кездесуі керек болды. Алайда ол кезде Хосе коронавирус жұқтырып алды. 

Биыл Бенавидес бір ғана кездесу өткізді. Мамыр айында ол канадалық Давид Лемьемен жолығып, үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

Ускатеги де соңғы рет мамыр айында жұдырықтасты. Мексикалық Фелипе Ромероға қарсы кездесуде ол екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Бенавидес негізі суперорта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізігісі келіп жүр. Бірақ бұл айқасқа Альварес келіспей жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар