Vesti.kz порталы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев арасында өткен кездесудің төрешілердің 10 раунд бойы қойған ұпайларының суретін жариялады.
Айта кетейік, АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласта ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) жеңілді.
Кештің басты кездесу 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, мексикалық боксшы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
Canelo knocks out Kovalev #CaneloKovalev pic.twitter.com/fV5Rmfl1k3
— The Boxing Feed (@TheBoxingFeed) November 3, 2019 Жекпе-жек аяқталғанға дейін "Канело" ұпай санымен жеңіп келе жатқан. Екі төреші 96:94 ұпайы, тағы біреуінде 95:95 болған.