"Канело" келесі кездесуін өткізу үшін спорт кешенін жалға алып қойды
reviewjournal.com
Допинг сынағынан өте алмай бокстан шеттетілген екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы болған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) келесі кездесуі қандай спорт кешенінде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бұған дейін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес "Канелоның" шаршы алаңға 15 қыркүйек күні оралатынын айтып еді. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтіп, PPV (ақылы көрсетелім) жүйесі бойынша көрсетіледі.
Ал Las Vegas Review Journal порталының мәліметі бойынша, Golden Boy Promotions компаниясы Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде 15 қыркүйек күні жекпе-жек өткізу үшін өтініш білдірген. Бұл өтінішті Невада штатының Атлеттер комиссиясы 14 маусым күні өтетін отырысында қарастырады.
Айта кетейік, Альварес өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қыркүйек айында дәл осы спорт кешенінде өткізген болатын. Ол кезде 12 раундытқ жекпе-жекте ол WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) тең түсті.
Бұл боксшылардың командасы 5 мамыр күні екінші кездесуді өткізу туралы келіссөз жүргізген еді. Бірақ Альварес екі бірдей допинг сынақтан өте алмады. Оның қанынан кленбутерол дәрумені талыды. Кейін мексикалық боксшы алты айға бокстан шеттетілді.

Жарнама