Профи-бокс
22 тамыз 2017 11:37
 
"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді

  Пікірлер

blog.share

"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді

Бокстан екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы 27 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канало" Альварес (49-1-1, 34 КО) карьерасын қашан аяқтайты туралы айты, деп жазады BoxingScene.com порталы. 

"Шынымды айтсам, мен карьерамды аяқтау туралы ойландым. Бірақ бокстан жасым 34 не 35-ке келгенде кетемін. Дәл қазір менің барлық өмірім бокспен байланысты. Күш-қуатым бар кезде жекпе-жек өткізе беремін. Дегенмен бокста кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін сіздің денеңіздің өзі бокстан бас тартады. Сол уақыт келгенде мен бірден боксты қоямын. Ол уақытқа дейін карьерамды жалғастырамын", - дейді "Канело". 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Канело" кәсіпқой бокс шаршы алаңында 51 кездесу өткізіп, оның 49-да жеңіске жетсе, бір кездесуде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. 34 кездесуде мексикалық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірген. 

Өзінің келесі кездесуін Альварес 16 қыркүйек күні  Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы - орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болады. 

Жарнама

Живи спортом!