"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді
Екінші орта салмақтағы WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді.
Екінші орта салмақтағы WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді.
"Зейнетке шыққан кезде мен шаршы алаңға дейін жүріп өтетін сәтті қатты сағынатын боламын. Бірақ әлі жеті жыл жұдырықтасуға уақытым бар. Содан соң карьерамды аяқтаймын", - деді 30 жастағы "Канело" Boxingscene.com порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Альварес өзінің алдағы кездесуін екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері 31 жастағы Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 8-мамыр күні Техас штатындағы AT&T Stadium спорт кешенінде өтеді.
Жарнама