"Канело" - жұлдыз, Головкин - аңыз. Маман трилогия қорытындысын жасады

©Matchroom Boxing

World Boxing порталының редакторы Фил Джей қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекті қорытындылады. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында маман боксшылардың болашағына да тоқталды. 

Альварес пен Головкин арасындағы үшінші кездесу 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтіп, төрешілердің шешімі бойынша мексикалықтың жеңісімен аяқталды. 

"Бұл бокс тарихындағы ең үлкен кездесулердің бірі болды. Головкин мен "Канело" ең қызықты сериялардың бірін өткізді. Бірінші жекпе-жекте GGG мықты болды. Екінші кездесуде тең болды. Үшінші айқаста "Канело" жеңді. Бұл менің ойым. Үшінші жекпе-жек тым кеш болғаны өкінішті. Бірақ бұл айқастан кейін де жауапсыз сұрақтар қалды. Трилогия бітті. Енді төртінші кездесудің маңызы жоқ. Қорытынды қарапайым ғана. "Канело" - жұлдыз, Головкин - аңыз. GGG карьерасын ары қарай жалғастыру мүмкін. Өйткені оның күші мен шеберлігі әлі бар. Орта салмақта чемпиондық белбеуін қорғайтын шығар", - деді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии
Жаңалықтар