"Канело" жеңгенде ... Прмоутер Альварес пен Головкин арасындағы үшінші кездесу туралы айтып берді
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қыркүйек айына жоспарланған Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесу өтпейтінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бұған себеп Сауль Альварестің жеңілісі болды. Ол бүгін Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволдан ұтылды. 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер 115-112 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді.
"Егер бүгін "Канело" жеңгенде біз Головкинмен трилогияны ресми хабарлайтын еді. Енді оның орнына біз Альварес пен Бивол арасындағы екінші кездесуді күтеміз. Екінші жекпе-жек қыркүйек айында болатын шығар", - деді Хирн DAZN стримингтік сервисіне берген сұқбатында.
Жарнама