auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" Головкиннің басты қателігін айтты

"Канело" Головкиннің басты қателігін айтты
Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жек алдында үлкен қателікке бой алдыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар осыдан бірнеше жыл бұрын шаршы алаңда бейресми түрде кездескен, олар Калифорнияда спарринг-сессияларын өткізген. "Канелоның" айтуынша, Головкин сол жаттығулар арқылы өз қарсыласының шамасын білдім деген ойдан аулақ болуы тиіс, себебі оны тосын сый күтіп тұр.

"Егер олар бұрынғы менің қатысуыммен өткен жаттығуларды ескере отырып дайындалса, бұл үлкен қателік. Мен олардың бұл кездесудің не үшін айтып жүргенін білмеймін, бірақ бұл кездесу шынымен болды және олар осыны негізгі стратегия ретінде қолданатын болса, ол маған ұтымды. Бірнеше жыл бұрын Головкинмен жұдырықтасқан жігітпен менің айырмашылығым жер мен көктей. Мен өз жаттығуымда қателікке жол бермеймін, қарсыласты тура бағалаймын: мен оның панчер екенін жақсы білемін, себебі бұрындары кездескенмін. Мен осыған дайындалып жатырмын", - деді Альварес Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама