"Канело" Головкиннен толық айласын асырды - Энтони Джошуа
Сауль "Канело" Альварес. Сурет: Getty Images
Аса ауыр салмақта IBF, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы британдық боксшы Энтони Джошуа (19-0, 19 КО) talkSPORT порталына берген сұқбатында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) арасындағы кездесуде мексикалық боксшының өнеріне риза болғанын айтты.
"Дәл қазір әлемнің ең мықты боксшысы кім дейсің бе? "Канело"! Головкиннің күші көп екенін білеміз. Бірақ Альварес одан айласын асырып кетті. "Канело" үнемі қимылдап, Головкиннің соққыларын дарытқан жоқ. Головкин барлық кездесулерінде үнемі қарсыластарын қысымның астына алып жүреді. Бірақ бұл кездесуде "Канело" бұл қиындықтан шығатын жол таба білді.
"Канело" 27 жастағы жас боксшы. Әр жаттығу кезінде ол үнемі өзін дамытып отырады. Ол соңғы кездесуде ойлау қабілетін, соққылардан қашып кетуді үйренгенін көрсетті. Бұл Хан мен содан соң Головкинмен өткен кездесуде анық байқалды", - дейді Джошуа.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды.

Жарнама