Профи-бокс
4 наурыз 2021 14:45
 

"Канело" Головкиннен қашып жүр ме? Эдди Хирн жауап берді

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкиннен қашып жүр ме? Эдди Хирн жауап берді Сурет: HBO Boxing

Mathroom Boxing  промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесу туралы жаңалықтарымен бөлісті. 

blog.share

Mathroom Boxing  промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесу туралы жаңалықтарымен бөлісті. 

"Канелоның" басты мақсаты - екінші орта салмақтағы барлық белбеуді жеңіп алып, әлемнің абсолютті чемпионы атану. Ол Головкиннен қашып жүр деп ойламаймын. Кез-келген қарсыласпен шығуға дайын екенін айтты. Бірақ дәл қазір ол 168 фунтта жұдырықтасқысы келеді. Менің Головкиннің командасындағы жұмысым бір бөлек, "Канелоның" командасындағы жұмысым бір бөлек. Головкиннің командасында мен жекпе-жектің өтетін жерін анықтап, андеркартында шығатын боксшылармен жұмыс істеймін. GGG-мен қарым-қатынасымыз жақсы. Дегенмен, мен оның жеке жоспарларына араласпаймын. Әрине, мен онымен тығыз жұмыс істегім келеді. Бірақ Головкиннің жеке шаруаларымен айналысатын адамдар бар. Мен оларды құрметтеймін. 

Мен Головкин мен "Канело" үшінші рет кездеседі деп ойлаймын. Сондай-ақ, мен Головкин әлі бабында деп есептеймін. Маған Мунгия да, Мурата да, Крис Юбенк те ұнайды. Геннадий - әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан ол келесі кездесуін кіммен өткізетінін өзі таңдайды. Оның алдағы жоспарында "Канеломен" кездесу өткізу жоқ шығар. Бір білетінім, мамыр айында қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен кездеспейді", - деді Хирн. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылдың қыркүйегінде өткен кездесу тең аяқталса, бір жылдан кейінгі жекпе-жекте мексикалық боксшының мерейі үстем болды. 

 

Жарнама

Живи спортом!