auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" Головкинмен үшінші рет қашан жұдырықтасатынын айтты

"Канело" Головкинмен үшінші рет қашан жұдырықтасатынын айтты
Сурет: HBO Boxing©

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) алдағы мақсатты туралы айтып берді. Ол алдағы уақытта екінші орта салмаққа көтеріліп, алдағы 12 айда бес кездесу өткізіп, барлық белбеуді жеңіп алуға ниетті екен,- деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Канелоның" алдағы жоспарына орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу ойда жоқ екен. "Қазір менің мақсатым басқан. Онымен (Головкинмен) кездесу ойда жоқ. Биыл онымен жұдырықтаспайтыным анық", - деді мексикалық боксшы ESPN арнасына берген сұқбатында. 


Айта кетейік, екінші орта салмақта WBC және WBA Super белбеулерінің иегері ақпан айында өзінің міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырымға (21-2, 12 КО) қарсы кездесу өткізеді. Сосын ол мамыр айында осы салмақта WBO иегері британдық Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар, мексикалық боксшының жоспарында IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізу де бар.

"Менің басты мақсатым - екінші орта салмақта барлық белбеуді жеңіп алу. Келесі қарсыластарымның барлығы чемпион. Мен соларды жеңуге ниеттімін", - деді "Канело". 

Сауль Альварестің айтуынша, ол 2021 жылы төрт кездесу өткізеді екен. Тіпті кездесулердің қашан өтетіні де белгілі. Ол ақпан, мамыр, қыркүйек және желтоқсан айларында шаршы алаңға шығады. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылы өткен айқас тең аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетті. 







 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама