Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Алдағы бірнеше күнде біз қыркүйек айындағы жекпе-жек туралы ресми хабарлаймыз. Әрине, ол айқас GGG-ға қарсы болады. Содан кейін мен Биволмен кездесемін", - деп келтіреді Альварестің сөзін ESPN KnockOut басылымы.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 17 қыркүйекте өтуі мүмкін. Айқастың қайда өтетіні нақты белгісіз. Бірақ Лас-Вегаста болуы әбден мүмкін.