auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" Головкинмен өтетін екінші кездесуінің алдында жалған сөз детекторынан өтуге келісті

"Канело" Головкинмен өтетін екінші кездесуінің алдында жалған сөз детекторынан өтуге келісті
©: reviewjournal.com
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя ESPN басылымына берген сұқбатында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) өзін таза екенін дәлелдеу үшін кез-келген сынақтан өтуге дайын екенін айтты. 

Альварес орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін екінші кездесуге екі ай қалғанда допингпен ұсталып қалды. Мексикалық боксшының екі бірдей допинг-сынағынан кленбутерол дәруменінің іздері табылды. Оның командасы бұл дәруменннің боксшының ағзасына бұзылған ет арқылы түскенін айтты. Кейіннен боксшының өзі отандасымызбен кездесуден бас тартып, алты айға бокстан шеттетілді. 

Головкин мен Мартиросян бокс кешінің андеркартында жұдырықтастаны боксшылар өзгерді

Жуырда "Канелоның" Невада штатының Алтеттер комиссиясы (NSAC) ұйымдастырған допинг-сынақтан өткені белгілі болған еді. Дәл осы комиссия оны алты айға бокстан шеттеткен болатын. Тексерістің қорытындысы бойынша, мексикалық боксшының ағзасынан кленбутерол дәруменінің іздері табылған жоқ.

"Егер "Канело" кленбутерол дәруменін допинг ретінде әдейі қолданса, оның іздері ағзасында әлі де қалып, шаштарынан тауып алуға болатын еді. Біз шашқа да допинг-сынақ тапсырдық. Альварес дәруіменнің ағзасында бұзылған ет арқылы түсті деп шындықты айтты. Тіпті өзін таза екенін дәлелдеу үшін ол көп нәрсе істеп жатыр. Бұзылған ет - Мексикадағы басты проблеммалардың бірі. Тіпті бұл етпен футболдан Мексика құрамасының ойыншылары мен бірнеше басқа спортшылар да уланып қалған. Енді "Канело" карьерасының соңына дейін өзінің таза екенін дәлелдеп, ешқандай дәрумен қолданбайтын әділ боксшы екенін дәлелдеп жүретініне сенімдімін. 

"Канело" комиссия талап еткен нәрселердің барлығын істеуге дайын. Біз VADA ұйымының Альварестің қайта допинг-сынақтарын тапсыратын уақытты күтіп отырмыз. "Канело" бағдарламаға төлеуге де дайын. Тіпті жалған сөз детекторынан да өтуге келісім берді. Ол өзін таза боксшы екенін дәлелдегісі келеді", - деді Де Ла Хойя. 

Бұған дейін промоутер Альварестің шаршы алаңға қыркүйек айында оралатынын айтып, басты мақсаттары - Головкинмен кездесу екенін жеткізді




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама