auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" Головкинмен өтетін екінші кездесудің алдында екі бірдей допинг-сынақтан өте алмады

"Канело" Головкинмен өтетін екінші кездесудің алдында екі бірдей допинг-сынақтан өте алмады
Сауль Альварес. Сурет: Golden Boy Promotions
ESPN телеарнасының тілшісі мен АҚШ-тағы ең танымал шолушылардың бірі Дэн Рафаэль мексикалық боксшы ауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) маңайындағы допинг дауының тағы бірнеше деректерін жариялады. 

"Канелоның" допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат бүгін шықты. Енді бұл жаңалықтан кейін 5-мамыр күні Лас-Вегаста өтетін Головкин мен Альварес арасындағы кездесу болмай қалуы мүмкін. 

Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.

Шолушының мәліметі бойынша, Головкинмен өтетін кездесудің алдында "Канело" бір емес, екі бірдей допинг-сынақтан өте алмапты. 

"Мексиканың Гвадалахара қаласында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан Альварес 17 және 20-ақпан күні зәрін тапсырған. Екі тест те оң нәтижесін беріп, кленбутерол дәрумені табылған, деп жазылды VADA президенті Маргарет Гудманның хатында. 

Сондай-ақ хатта Гудман Невада штатының Атлеттер комитетін бұл мәлімет туралы хабар беріп қойғанын және комиссия нақты бір шешім қабылдауы үшін Альваресті әлі де допинг-сынақтан тексеретіні туралы жазылған. "Канело" тез арада В сынағынан өтуге мүмкіндігі бар",- деп жазды Рафаэль өзінің ESPN сайтындағы блогында. 




Бұған дейін Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.

Golden Boy промоутерлік компаниясы таратқан мәлімет бойынша, "Канелоның" ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады. Ал Альварестің өзі болса кінәлі емес екенін дәлелдеу үшін кез-келген тесттен өтуге дайын екенін айтты. Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес болса мексикалық боксшы бұған дейін оншақты рет допинг-сынақтан өтіп, бірде бір рет қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылмағанын жеткізді.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Головкин мен "Канелоның" допинг-сынақтары "VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады.








Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама