Профи-бокс
18 ақпан 2022 15:42

"Канело" Головкинмен келісімшарт туралы ақпаратқа бірінші мәрте пікір білдірді

©Reuters

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесуге келісімшарт жасап қойды деген "инсайдқа" қатысты пікір білдірді, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Еске салайық, осыған дейін инсайдер Майк Коппинджер "Канелоның" Головкин және Дмитрий Биволмен кездесу өткізуге келісім бергенін хабарлады

Нақты күні белгіленді. "Канело" Головкинмен жекпе-жекке келісті

"Менің келесі келесі кездесуіме келсек - әзірге ештеңе расталмады", - деді Альварес. 

Кейін ол Коппинджердің өшіріп тастаған твитіне қатысты да ойын айтты. "Әлі ешқандай келісімшартқа қол қойғаным жоқ. Қазіргі уақытта келіссөз жүруде. Адамдарға өтірік айта берме дегім келеді. Келісімге келген кезде мен бірінші болып барлығын хабарлаймын. Ал қазір нақты ештеңе белгілі емес", - деді мексикалық. 

Айта кетейік, Головкин 2020 жылдың желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Ол соңғы рет АҚШ жерінде Камил Шереметаға қарсы (21-1, 5 КО) кездесу өткізіп, жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз 21 рет чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Ал Мурата болса соңғы рет 2019 жылдың желтоқсан айында жұдырықтасып, канадалық Стивен Батлерден (28-3-1, 24 KO) айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport