"Канело" Головкинмен жекпе-жектен кейін ауыр салмақта әлем чемпионымен кездесуге ниетті

©Reuters

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес алдағы уақытта кіммен кездескісі келетіні туралы айтты. YouTube желісіндегі Fight Hub TV арнасына берген сұқбатында ол аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усикпен айқасқысы келетінін мәлімдеді. 

"Әрине, бұл мен үшін қиын болады. Бірақ маған бәрібір. Осындай сынақтар ұнайды маған. Түкіргенім бар. Қиын болатынын білемін. Алайда, мен боксты жақсы көремін. Осындай қиын кездесулер өткізгім келеді", - деді "Канело". 

Еске салайық, Уски соңғы кездесуін Энтони Джошуаға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша, ол аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғап, The Ring белбеуін жеңіп алды. 

Ал Альварес соңғы айқасын ресейлік Дмитрий Биволға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңілді. 

Енді "Канело" келесі жекпе-жегін 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар