Профи-бокс
28 қараша 2017 15:22
 
"Канело" Головкинмен екінші кездесуді өткізбеудің амалын тапты

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкинмен екінші кездесуді өткізбеудің амалын тапты

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) өз рейтингінде ортасалмақтағы мексикалық боксшыны бірінші орынға шығарды. Осылайша ол орта салмақтағы WBO белбеуінің міндетті үміткері болып саналады. 

"WBO рейтингісінде "Канело" бірден бірінші орынға секірді. Енді оның Головкинге қарсы екінші кездесуін күтіп жүрген фанаттар үшін бұл қуанышты жаңалық емес. Оны жайдан-жай жасап жатқан жоқ", - деп жазды TalkSport.com сайтының журналисі Майкла Бенсон.

Оның ойынша, Альварес алдағы жекпе-жегін WBO чемпионына қарсы өткізуі әбден мүмкін. Қазіргі кезде аталған белбеудің иегері - британдық Билли Джо Сондерс. Алайда 16 желтоқсан күні ол канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады. Сол жекпе-жекте WBO белбеуі сарапқа салынады.

Бүгінде Альварестің командасы Головкинге қарсы жекпе-жекті кейінге шегеруге бет алған тәрізді. Бұны кәсіби бокс саласының сарапшылары да байқап қалды. Енді 5 мамырда Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу өтпеуі әбден мүмкін. Үш аптадан кейін Давид Лемье жеңсе, Golden Boy оған қарсы Альваресті оп-оңай шығара салады. Себебі Лемье де мексикалық боксшының командасына кіреді. Билли Джо Сондерс титулды қорғап алса да, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) оны рейтингте бірінші орында тұрған боксшымен жұдырықтасуға міндеттейді.

Жарнама

Живи спортом!