"Канело" Головкинмен айқастан кейін бір жылдық үзіліс алуы мүмкін
Супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес бір жылдық үзіліске кетуі мүмкін. Мексикалықтың айтуынша, оның сол қолына операция жасату керек. Сондықтан ол енді шаршы алаңға келесі жылдың қыркүйегінде оралуы ықтимал, деп жазады Fightnews.info порталы.

"Мен енді ешқайда асықпаймын. Маған демалыс керек. Өткен жылы мен 11 айдың ішінде төрт кездесу өткіздім. Сондықтан үзіліс қажет. Асығудың қажеті жоқ. Мүмкін мен енді шаршы алаңға келесі жылдың мамыр немесе қыркүйегінде оралатын шығармын. Нақты білмеймін. Бірақ үзіліс аламын.
Жарақатты мен Калеб Плантқа қарсы кездесуде алдым. Алайда мен өзіме бәрі дұрыс, ары қарай жалғастырамыз дедім. Кейін жаттығу болды. Сол жаттығу кезінде қиындықтар басталды. Маған операция жасату керек", - деді "Канело".
Еске салайық, Альварес соңғы айқасын 18 қыркүйек күні Геннадий Головкинге қарсы өткізіп, 116-112, 115-113, 115-113 есебімен жеңіске жетті.
Жарнама