Профи-бокс
16 қыркүйек 2017 11:44
 
"Канело" Головкинді жеңсе, Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шыға алады - Бронер

  Пікірлер

blog.share

"Канело" Головкинді жеңсе, Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шыға алады - Бронер © FightNews.RU

Америкалық кәсіпқой боксшы Эдриен Бронер Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегастағы жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңсе өзінің отандасы Флойд Мейвезердің шаршы алаңға оралу мүмкін екенін айтады. Бронердің ойынша, Мейвезер тағы да бір рет қомақты қаражат алудан бас тартпайды.

"Егер Альварес Головкинді жеңетін болса, Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шыға алады. Бұл кездесуден Флойд шамамен 300-350 миллион доллар табыс табады. Әрине Альварес бұрынғыдағыдай емес, бірақ Флойд әлі де өз қалпында. Бұл 2013 жылғы жекпе-жектің қайталамасы болады", - дейді Бронер.

Еске салайық, "Канело" мен Мейвезер 2013 жылы 14 қыркүйекте Лас-Вегаста жұдырықтасқан еді. Ол кездесу 12 раундқа созылды, төрешілер шешімімен (114-114, 116-112, 117-111) Флойд жеңіске жетті. Осылайша Альварес WBC және The Ring титулдарынан айырылып қалды, сонымен қатар ол бірінші орта салмақта WBA Super титулын иелену мүмкіндігінен айырылды.

17 қыркүйекте көптен күткен қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді. Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетіледі. Ал Лас-Вегастағы 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтетін басты жекпе-жек Головкин - Альварес кездесуі 08:50-де басталады деп жоспарланған.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама

Живи спортом!