auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" Головкинді жеңсе, Коттомен қайта кездесуі ықтимал

"Канело" Головкинді жеңсе, Коттомен қайта кездесуі ықтимал
©Sky Sports
Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) командасы 16 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жекпе-жектен кейін пуэрторикалық Меигель Коттомен (41-5, 33 KO) қарымта кездесу өткізу мүмкінідігі туралы айтып берді.

36 жастағы Котто 27 тамызда жапониялық Йошихиро Камегаиді жеңіп, бірінші орта салмақ бойынша WBO чемпионы атағына ие болды. Жекпе-жектен кейін оның бапкері Фредди Роуч боксшының келесі қарсыласы ретінде Головкин - "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазын көргісі келетінін айтқан.

Ал "Канелоның" бапкері Эдди Рейносо өз кезегінде Котто 2015 жылы бір рет жеңілгендіктен қарымта кездесу қызықтырмайтынын айтқан. Коттоны жеңгеннен кейін мексикалық боксшы орта салмақта WBC чемпионы атанған еді.

"Бізге Коттомен жекпе-жек қызықты емес, өйткені оны бір рет соққыға жыққанбыз. Йошихиро Камегаимен жұдырықтасқанын көрдік, тамаша. Мигельге деген сыйластығымыз қаншалықты мықты болғанымен, кім жеңгенін көрдік", - дейді Рейносо ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Ал "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя пуэрториколық боксшыға IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемьемен жекпе-жек ұйымдастырып беруге дайын екендігін жеткізді.

"Лемье мен Мигель арасындағы жекпе-жек Нью-Йоркте үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы "Канелоға" қарсылас болуы әдбен мүмкін", - дейді Де Ла Хойя.

Мұның алдында қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Коттомен жекпе-жек болуы мүмкін екенін айтқан, ал бапкре Абель Санчяес мұны өте қызықты ұсыныс деген болатын.

Бокс туралы ең көне журнал Boxing News Коттоға жақсы қарсылас болатын бес боксшының тізімін жасаған. Бұл тізім басында Головекин - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама