"Канело" екінші кездесуден бас тартса, Головкин ақпанда кездесу өткізеді - Том Леффлер
Санчес, Головкин және Леффлер. Сурет: Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal:
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер RingTV арнасына берген сұқбатында жыл соңына дейін мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуді өткізу туралы келісімге келмесе, қазақстандық боксшының қандай қосалқы жоспарлары бар екенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы.
Леффлердің айтуынша, егер Головкин жыл соңына дейін "Канеломен" екінші кездесуді өткізуге келісе алмаса, онда ол келесі жылдың ақпан немесе наурыз айында жекпе-жек өткізеді екен. Промоутер басқа қосымша ақпараттарды айтпады.
Ал "Канелоның" жұмыстарын жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя болса Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздер канадалық боксшы Давид Лемье (38-3, 35 KO) мен орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерс арасында 16 желтоқсан күні Канадада өтетін кездесуден кейін жалғасатынын айтты.
Де Ла Хойя сонымен қатар Головкинмен екінші кездесуді өткізуге келісімге келмесе, "Канелоның" келесі қарсыласы Лемье болуы мүмкін екенін де айтты.
Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін сақтап қалды. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.
Дегенмен де Головкин "Канеломен" өтетін кездесудің алдында, яғни осы жылдың соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі әбден ықтимал.

Жарнама