auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" екінші кездесуде Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді

"Канело" екінші кездесуде Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді
Сауль Альварес. Сурет: Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal
Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) Лос-Анджелесте өткен баспасөз жиыны кезінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) нокаутқа түсіруге уәде берді. 

"Мен Головкиннен қорықпаймын. Онымен кез-келген жерде кездесуге дайынмын. Мен мұны дәлелдедім де. Бірінші кездесуіміздің алдында олар Головкин мені нокаутқа түсіретінін айтты. Енді міне біз қайта кездесіп отырмыз. Мен одан қорықпаймын және екінші кездесуде нокаутқа түсіремін. 

Головкинді сыйлаймын. Оның соққысы жақсы. Бірақ соншалықты мықты деп айта алмаймын. 

Әрине, бірінші кездесуде мен жеңіске жеттім деп есептеймін. Екінші кездесуді ұйымдастырғанымыз үшін Құдайға шүкір. Екінші жекпе-жекте жеңіске жетіп, маған күмән келтіргендердің барлығының аузын жабамын. Жекпе-жектің жарнамасын жасау үшін бір-бірімізді балағаттағанымыз дұрыс емес. Жанкүйерлер онсыз да бұл кездесудің мықты болатынын біледі. Екеуіміз де бір-бірімізді нокаутқа түсіру үшін шаршы алаңға шығамыз. Уәде беремін, мен Головкинді нокаутқа түсіремін", - деп келтірелі Альварестің сөзін BoxingScene.com порталы. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 5-наурыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама