auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" допинг-тесттен өте алмауына байланысты өз ойын айтты

"Канело" допинг-тесттен өте алмауына байланысты өз ойын айтты
©: Тұрар Қазанғапов.
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін кездесудің алдында допинг-сынақтан өте аламауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

ьварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.

Алдағы уақытта ол жаттығу лагерін Мексикадан АҚШ-қа ауыстырып, жекпе-жекке дейін де, кейін де қажетті допинг-сынама тапсыруға дайын екен. Оның командасының айтуынша, Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады, дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен.

"Мен спортты сыйлайтын спортшымын. Бұл болған жағдай мені қобалжытып отыр. Себебі, мұндай жағдай бұған дейін менде болған емес. Мен бұл жағдайды ретке келтіру үшін тиісті тесттердің барлығын тапсыруға дайынмын. Соңында шындық жеңеді деген сенімдемін", - дейді Альварес. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. 

Головкин мен "Канелоның" допинг-сынақтары "VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама